Есікте әке-шешесі пневмониядан қайтыс болған төрт бала жетім қалды

0
2 932

Енді балаларды әжесі алып, олардың тәрбиесімен өзі айналысады.


Есікте әке-шешесі пневмониядан қайтыс болған төрт бала жетім қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Есік қаласында ата-анасы пневмониядан қайтыс болған төрт кішкентай бала жетім қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Сыныптасымыз Камилла Османованың отбасы қиыншылыққа тап болды. Бүгін таңертең 01.08.2021 жылы ол ағасынан айрылды, ал бес күн бұрын, 27.07.2021 жылы Диастың әйелі қайтыс болған еді", - дейді отбасының досы Әлия Бөкеева.

Оның айтуынша, 9, 5, 4 жастағы және уақытынан бұрын дүниеге келіп, қазір балалар реанимациясында жатқан жаңа туған нәресте жетім қалған. Енді балаларды әжесі алып, олардың тәрбиесімен өзі айналысады.