Есіктегі атыс: кісі өлтірді деген күдіктілердің бірі ұсталды

0
670

Қазіргі кезде өзге күдіктілер іздестіріліп жатыр.


Есіктегі атыс: кісі өлтірді деген күдіктілердің бірі ұсталды

ERNUR.KZ. Есіктегі атыс кезінде кісі өлтірді деген күдіктілердің бірі ұсталды, деп жазады Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, қылмысқа қатысы болуы мүмкін негізгі күдікті - 30 жастағы ер адам анықталды.

«22 шілдеде түнде Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне Есік көшелерінің бірінде оқ атылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында 18 және 30 жастағы екі ер адамның оқ жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат расталды. Кейінірек зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген ПД хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің «Кісі өлтіру», «Кісі өлтіруге оқталу», «Қару қолдана отырып бұзақылық» деген үш бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

«Полиция оқиғаның қалған қатысушыларын ұстауға бағытталған операцияны жалғастыруда. Аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды», - деді ПД өкілдері.