Есіл өзенінен 12 жасар қызды құтқарған азамат өзі суға ағып кетті

0
1 485

Өзен сағасында балық аулап отырған жігіттің арқасында қыз аман қалды.


Есіл өзенінен 12 жасар қызды құтқарған азамат өзі суға ағып кетті

ERNUR.KZ. Бүгін елордада Есіл өзеніне батқан 12 жасар қызды құтқарып қалған жігіт суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 мамыр күні сағат 12-10-да Есіл өзенінің «Газмашаппаратура» саяжай аумағында «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары итінің соңынан суға секіріп, батып кете жаздаған 2007 жылы дүниеге келген қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өзен сағасында балық аулап отырған жігіттің арқасында қыз аман қалды. Өкінішке қарай, қызды құтқарған 1981 жылы дүниеге келген азамат ағысқа төтеп бере алмай, суға батып кетті. Оның денесін толқын жағаға жақындатып, куәгерлер жағалауға алып шықты. Оқиға орнында жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Осы ретте құтқарушылар қала тұрғындарына рұқсат етілген орындар мен арнайы жабдықталған жағажайларда ғана суға шомылу қажеттігін ескертеді.