Эстония мен Латвия мобилизациядан қашқан ресейліктерді кіргізбейді

0
378

Латвияның Сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич әлеуметтік желіде мемлекет қауіпсіздігін сақтау мақсатында мобилизациядан жалтарған Ресей азаматтарына виза берілмейді деп жазды.


Эстония мен Латвия мобилизациядан қашқан ресейліктерді кіргізбейді

ERNUR.KZ. Ринкевич Латвия 19 қыркүйектен бастап Шенген визалары бар Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты шекарадан өтуге қойылған шектеулерді өзгертпейтінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бір жағынан, баспана беру туралы өтініштерді қарауды міндеттейтін халықаралық ережелер бар. Екінші жағынан, Ресей тұрғындарының көпшілігі Путин режиміне қарсы емес және біздің құндылықтарымызды қолдамайтынын түсіну керек", - деп хабарлады министр.

Эстонияның ішкі істер министрі Лаури Ляэнеметс латвиялық әріптестері сияқты мобилизациядан қашқан Ресей азаматтарына баспана берілмейді деп мәлімдеді.

"Санкциялар ұшақтарға, ғимараттарға немесе автомобильдерге салынбайды. Санкциялар адамдарға қарсы бағытталған. Санкциялар көздегені - Ресей Федерациясының азаматтарының өмірін қиындатып, оларды мемлекет басшылығына, оның саясатына қарсы шығуға итермелеу. Ресейде қалғысы келмейтіндер де жалғыз шешім Путинді тоқтату екенін түсінуі қажет. Ал біз оларды қабылдай бастасақ, санкциялардың пайдасы көк тиын", - деп түсіндірді Ляэнеметс ETV телеарнасында.