"Етегінің астынан ұстаған": Семейде қоғамдық көлікте белгісіз ер адам студент қызға азғындық жасады

0
1 645


ERNUR.KZ. Семейде қоғамдық көлікте орта жастағы белгісіз ер адам студент қызға ағындық жасап, етегінің астынан ұстаған. Бойжеткен кейін бұл адам ештеңе болмағандай кейіп танытқанын айтып, желіге видео жариялады, деп жазады Stan.kz

Желідегі жазбаларда №29 автобуста колледж студентін ер адам етегінің астынан ұстап, жәбірлегені жазылған. Кейін қыз айғайлап, тоқтатуын өтінген кезде ер адам ештеңе істемегендей кейіп танытқан.

Кейін бойжеткен ер адамды видеоға түсірген кезде оның қолындағы телефонды автобустың еденіне соғып, қорғаныш әйнегі мен телефонның қабын сындырған.

Тіпті кейін қызбен бірге бір аялдамадан түсіп, бір бағытқа қарай бет алған. Бойжеткеннің айтуынша, мұны байқаған автобустағы жігіт оны үйіне дейін жеткізіп салған.

"Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында облыс орталығының тұрғыны автобуста өзін қорлаған ер адамның азғындық жасағаны айтылған. Абай ауданының полицейлері дереу жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ол ұсталып, Семей қаласының Орталық полиция бөліміне жеткізілді. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің "Қоғамдық орындардағы алаяқтық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген полиция хабарламасында.