Еуропаның алты компаниясы Қазақстанға көшуге шешім қабылдады - премьер-министр

0
415

Ресей нарығынан шығып кеткен 300-ден аса еуропалық компаниялармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген.


Еуропаның алты компаниясы Қазақстанға көшуге шешім қабылдады - премьер-министр

ERNUR.KZ. Еуропаның алты ірі компаниясы өндірісі мен кеңселерін Қазақстанға көшіруге шешім қабылдады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Премьер-министрдің айтуынша, Ресей нарығынан шығып кеткен 300-ден аса еуропалық компаниялармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

"Өндіріс орындарын көшіруге 50-ден аса компания қызығушылық танытты. Алты компания шешім қабылдап, өндіріс орындары мен кеңселерін Қазақстанға көшір3п жатыр. Қалған компаниялар атқарушы органдармен, министрлікпен, жергілікті компаниялармен келіссөз жүргізіп жатыр", - деді Смайылов Сенат отырысында.