ЕҰУ түлегі Google компаниясынан жұмысқа шақырту алды

0
1 153

Ол бұған дейін «Сбер» компаниясында бағдарламашы-әзірлеуші ретінде өзін дамытып үлгерді.


ЕҰУ түлегі Google компаниясынан жұмысқа шақырту алды

ERNUR.KZ. Әли Жүсіпов Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша тәмамдаған, деп жазады azattyq-ruhy.

Ол Google компаниясынан шақыру алып, биылғы қыркүйек айынан Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы ретінде жұмыс істейді.

Әли бұған дейін Яндексте тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар «Сбер» компаниясында бағдарламашы-әзірлеуші ретінде өзін дамытып үлгерді.

Дарынды студент ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиада мен жарыстарда жеңімпаз атанып, сондай-ақ шахмат пен баскетболға әуес болды.

26 жыл ішінде ЕҰУ-нің қабырғасында 77 мыңға жуық білікті маман даярланды. Олардың көпшілігі отандық және шетелдік IT-компанияларда табысты еңбек етуде.