Эвакуация ошағына айналған жатақхана студенттері қашықтан оқуға жіберілуі мүмкін

0
271

​Қарағандыда заманауи студенттер жатақханасы ашылды. Тоғыз қабатты ғимарат екі жыл ішінде Қаржы орталығының қолдауымен университет қаражатына салынды.


Эвакуация ошағына айналған жатақхана студенттері қашықтан оқуға жіберілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов эвакуация ошағына айналған жатақхана студенттері қашықтан оқуға жіберілуі мүмкін екенін мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«Табиғи апат болған жағдайда жоғары оқу орындары студенттерді қашықтықтан оқуға жібере алады.
Қазір залал келген үйлерді қалпына келтіру және жаңа құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін зардап шеккен тұрғындарды жатақханаларда қалдыру үшін ондағы студенттерді қашықтықтан оқытуға жіберу мәселесі қаралуда» - деді ол.

Қазір тасқын құрсауындағы өңірлердің ішінде бір ғана университет студенттерін қашықтан оқытып жатыр.

«Бүгінде Х.Досмұхаметов атындағы жоғары оқу орнының студенттері онлайн режимге ауысқан, қалғандары оқу процесін штаттық режимде жалғастыруда.
Жан-жақты пысықталғаннан соң қалған жоғары оқу орындары студенттерін қашықтықтан оқытуға ауыстыру бойынша тиісті шешім қабылданады», - деді вице-министр.