​Фермерден соғым сұраған шенеунік ұятқа қалды

0
2 242

Фермер мұндай сыйды бере алмайтынын жеткізгенімен, басшысы оған қайта-қайта қоңырау шалып қоймаған.


​Фермерден соғым сұраған шенеунік ұятқа қалды

сурет:yvision.kz

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы жемқорлық әрекеті үшін сот алдында жауапқа тартылды. Ол фермерден соғым беруін талап еткен, деп жазады NUR.KZ.

Қылмыстық іс материалы бойынша, айыпталушының қызметі мал шаруашылығын субсидиялауға жауап беру болғандықтан, ол облыстағы шаруа қожалықтарының иелерімен тығыз қарым-қатынас жасасқан.

Өткен жылдың желтоқсан айында шенеунік қызметтік дәрежесін пайдаланып, фермерлердің бірінен ашық түрде соғым әкеліп беруін талап еткен. Ол жылқы етін жаңа жылға дейін алғысы келетінін телефон арқылы айтыпты.

Фермер мұндай сыйды бере алмайтынын жеткізгенімен, басшысы оған қайта-қайта қоңырау шалып қоймаған. Сонымен, 4 қаңтар күні ол етті мемлекеттік қызметкердің көлігіне салып беріп, өзі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласады.

Осыдан кейін шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалып, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 280 мың теңге деп есептелген.

Алайда тергеу барысында фермер өзінің арызын қайтып алып, шенеунікпен татуласқанын, барлық шығынын өтеп бергенін айтады.

Нәтижесінде сот қылмыстық істі тоқтатып, айыпталуышыны жауапкершіліктен босатқан.