Фируза Шарипова ММА бойынша алғашқы жекпе-жекте 18 жастағы ресейлік спортшыны жеңді

0
667

Қазақстандық спортшы бірінші раундта 18 жастағы қарсыласын қылқындыру әдісімен ұтты.


Фируза Шарипова ММА бойынша алғашқы жекпе-жекте 18 жастағы ресейлік спортшыны жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова ММА бойынша дебюттік жекпе-жегінде ресейлік Карина Оңдасынованы жеңді, деп жазады Stan.kz.

29 шілдеде Шәріпова Алматыда өткен Octagon 33 турнирінде өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы бірінші раундта 18 жастағы қарсыласын қылқындыру әдісімен ұтты.

Еске салсақ, жекпе-жек алдында грэпплинг пен панкратионнан Ресей чемпионатының жеңімпазы қазақстандық спортшыға арнап видео үндеу жариялаған болатын.

"Спортқа қайта оралуыңа деген құлшынысың жоғалатындай етіп ұрамын", – деді Оңдасынова.

Кәсіпқой бокста Фируза Шарипова соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы ирландиялық Кэти Тейлордан жеңілген болатын. Содан кейін қазақстандық спортшы өз мансабындағы рекордтық гонорар алған, бірақ біржақты төрешілікке шағымданды.