"Fly Arystan" әуекомпаниясы жаңа ұшақ сатып алды

0
530

Ұшақтың сыйымдылығы 188 орын.


ERNUR.KZ. 24 желтоқсан күні "Fly Arystan" әуекомпаниясы "A320neo" әуе кемесін алды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұшақтың сыйымдылығы 188 орын. Бұл әуекомпания флотындағы 14-ші және осыған ұқсас сыйымдылығы бар үшінші ұшақ. Әуе кемесі қоршаған ортадағы CO2 шығарындыларын және дыбыс ізін азайтуға мүмкіндік беретін қозғалтқышпен жабдықталған.

Биылғы тамыз айынан бастап қазақстандық әуекомпаниялар сыйымдылығы 166-дан 213 орынға дейін жаңа 12 ұшақ саты алған.

"Әуе кемелерін пайдалануға беру авиакомпаниялардың жолаушылар тасымалы көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ кесте мен билеттер ұсынысының уақытылы орындалуына оң әсерін тигізеді. Қазақстандық әуекомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында", делінген ақпаратта.