Ақтоты Райымқұлова: Фонограммамен өткен концерт билет құнына да әсер етеді

0
729

Барлық жарнамалық өнімдерде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі.


Ақтоты Райымқұлова: Фонограммамен өткен концерт билет құнына да әсер етеді

ERNUR.KZ. Көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Отырыста Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде баяндама жасаған министрдің айтуынша, концерттік ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблемалар бар.

Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнада ұқыпыз шығу үрдісі орын алған, жоспарланған концерттерді бұзу, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограмманы пайдалануға жол берілген бірқатар орын алған фактілер де кездеседі.

«Осы орайда, Заң жобасы аясында заңнамалық деңгейде орындаушылардың осындай мінез-құлқына жол бермеу бойынша бірқатар міндеттемелерді енгізу арқылы осы мәселелерді барынша реттеуге тырыстық. Олардың ішінде маңызды нормалардың бірі - музыкалық шығармаларды орындаушыларының фонограммаларды қолдануы туралы көрерменді хабарлау. Фонограммаларды пайдалану тәртібін заңға тәуелді актіде айқындалатын болады. Барлық жарнамалық өнімдерде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді», - деді Ақтоты Райымқұлова.