Франция Әблязовке баспана беруден бас тартты

0
598

Әблязовқа Ресей мен Украина да қаржы жымқырды деген күдікпен іздеу жариялады.


Франция Әблязовке баспана беруден бас тартты

ERNUR.KZ. Франция Мұхтар Әблязовке саяси баспана беруден бас тартты, деп жазады inbusiness.kz.

Сот шешімінен белгілі болғандай, Мұхтар Әбілязовтың адвокаттары Пикуа мен Кәрім Бейлуни Францияның босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды қорғау басқармасының (OFPRA) 2018 жылғы оған саяси босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешіміне шағымданды. Алайда, Франция адвокаттартың шешімін қабылдамады.

Бұған дейін ЕО Reporter басылымы Франциядағы босқындар соты Мұхтар Әбілязовтың ісін қарауға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, басылым француздық Paris Match журналының тергеуіне сілтеме жасап, "Әбілязовке баспана беру туралы шешім Францияның саяси орталарында алаңдаушылық туғызады, өйткені Францияның Қазақстанмен қорғаныс және уран бойынша маңызды келісімшарттары бар", деп жазған еді.

Еске салайық, Қазақстанда Әблязов БТА банктен 7 миллиард долларға жуық ақша жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға, ал 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

2012 жылдың ақпанында Англияның Жоғарғы соты Мұхтар Әблязовті қамауға алу туралы шешім шығарған.

Англия жоғарғы сотының хабарлауынша, ол бірнеше рет жалған айғақ беріп, сотқа банкте жасырылған активтері туралы жалған құжаттарды ұсынған, сонымен қатар сот отырысына келмеген.

Әблязовқа Ресей мен Украина да қаржы жымқырды деген күдікпен іздеу жариялады. Бұған дейін экс-банкирдің Францияда сот бақылауында екені белгілі болған.