Футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

0
573

Бұған дейін осы екі елдің, яғни Ұлыбритания мен Ирландияның Еуропа біріншілігін бірге қабылдауға өтініш бергені белгілі болған.


Футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Ұлыбритания мен Ирландия футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы Daily Mail жазды, - деп жазады Vesti.kz.

Бұған дейін осы екі елдің, яғни Ұлыбритания мен Ирландияның Еуропа біріншілігін бірге қабылдауға өтініш бергені белгілі болған.

Ал Түркия құрамасы өз кандидатурасынан бас тартады. Себебі бұл ел 2016 және 2024 жылғы Еуропа біріншілігін қабылдауға ұсыныс берген кезде сәтсіздікке ұшыраған. Ресейдің аталған турнирді өткізу мүмкіндігі тым төмен.

Осылайша, Ұлыбритания мен Ирландия Еуро-2028 турнирін ешқандай бәсекелессіз қабылдауға мүмкіндік алады. Негізі құжат жүзінде турнирді өткізетін ел 2023 жылдың қыркүйегінде анықталады. Бірақ дереккөз мәліметі бойынша, Ұлыбритания мен Ирландия барлық техникалық талаптарға сай болса, ерте хабарлайды.