Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

0
654

Қазақстан құрамасы 2022 жылы 24, 29 наурызда Молдоваға қарсы өтпелі ойын өткізеді.


Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

ERNUR.KZ. Швейцарияның Ньон қаласындағы жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz

Егер Қазақстан С дивизионында қалса, 3-топта Словакия, Беларусь және Әзірбайжанмен кездесу өткізеді. Егер D дивизионында қалса, 1-топта Лихтенштейн, Андорра және Латвияға қарсы ойнайды.
Қазақстан құрамасы 2022 жылы 24, 29 наурызда Молдоваға қарсы өтпелі ойын өткізеді. Жеңімпаз С дивизионындағы орнын сақтап қалады, ал жеңілген топ төмен дәрежеде ойнайды.
Ұлттар лигасы 2022 жылдың маусымында басталады.