Гарвард түлегі СДУ ректоры болып тағайындалды

0
173

Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев 2006 жылы Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдаған.


Гарвард түлегі СДУ ректоры болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Сүлеймен Демирел университетінің президенті Мейірбек Мәжитов еңбек ұжымына оқу орнының жаңа ректоры Қуаныш Ерғалиевті таныстырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев 2006 жылы Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдаған. 2009 жылы «Болашақ» стипендиясы арқылы АҚШ-тағы Тулейн университетінде Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алған.

Сонымен бірге, Қ. Ерғалиев Гарвардтың Т. Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде білім алған және қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін қорғаған.

«Қазіргі уақытта ол Harvard Chan Qualitative Research Methods студенттік клубының тең құрылтайшысы және президенті әрі Бостондағы қазақ диаспорасының мәдени ортасын қалыптастыруға арналған «Мирас» қазақ мәдени орталығының тең құрылтайшысы мен президенті», - делінген университет хабарламасында.

Жаңа ректор әр жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде және Назарбаев Университетінде басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Денсаулық сақтау саласындағы бірнеше ғылыми еңбектердің авторы.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет