Газа секторынан тек “Рафах” бақылау-өткізу бекеті арқылы ғана шығуға болады

0
1 083

Қазіргі кезде дипломаттар Газа секторында жүрген 67 Қазақстан азаматы анықталды.


Газа секторынан тек “Рафах” бақылау-өткізу бекеті арқылы ғана шығуға болады

ERNUR.KZ. Газа секторында 100-ден астам Қазақстан азаматы шыға алмай жүр. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде дипломаттар Газа секторында жүрген 67 Қазақстан азаматы анықталды.
“Ал олардың отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден астам азаматымыз табылды. Кейбір отандастарымызда қандай да бір құжаттар жоқ. Дипломаттар осы және басқа да мәселелерді пысықтап жатыр”, - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, Газа секторынан тек “Рафах” бақылау-өткізу бекеті арқылы ғана шығуға болады. Ол бекет Мысыр шекарасында орналасқан. Қазір 45 мемлекет “Рафах” бақылау-өткізу бекеті арқылы өз азаматтарын шығару бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.
“Әзірше, бірде-бірде мемлекет өз азаматтарын Газа секторынан шығарған жоқ. Біз “Рафах” бекетінің ашылғанын күтіп отырмыз. Ашылған бойда өз азаматтарымызды шығарып аламыз. Бәрі дайын тұр”, - деп атап көрсетті Смадияров.