Газдың шекті көтерме бағасының өсуі тұтынушыларға әсер етпейді – министрлік

0
550

Бірінші шілдеден бастап сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 33 600 теңге болды.


Газдың шекті көтерме бағасының өсуі тұтынушыларға әсер етпейді – министрлік

, деп жазады sputnik.kz.

ERNUR.KZ. Сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасының өсуі бөлшек сауда бағасына әсер етпейді. Шекті бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеу жыл соңына дейін ұзартылады, деп мәлімдеді энергетика министрлігі.
Жыл басынан бері сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы тоннасына 28 мың теңге (бір литрі – 16 теңге) болды. Енді 1 шілдеден бастап газдың шекті көтерме сауда бағасы тоннасына 33 600 теңгені (1 литрі – 19,7 теңге) құрайды. Энергетика министрінің тиісті бұйрығы бүгін күшіне енді.
"Сұйытылған газдың көтерме сауда бағасын 20%-ке өсіру (литріне 3,7 теңге), бірінші кезекте, зауыттардың өндірісін қолдауға бағытталған. Бұл шара сұйытылған газды өндірушілер мен өткізушілер арасында кірістерді ішінара әділ бөлуді қамтамасыз етуге және зауыттарды сұйытылған газ өндіруге ынталандыруға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді энергетика министрлігі.
Ведомство түсіндіргендей, газдың көтерме сауда бағасы 1 тонна үшін 28 мың теңге болған кезде пайданың негізгі үлесі сұйытылған газды бөлшек саудада сатумен айналысатын нарық субъектілерінде қалған, ал өндіруші зауыттар шығынмен жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі шекті бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
"Оған сәйкес соңғы тұтынушылар үшін сұйытылған газдың бөлшек сауда бағасы көтерілмейді және бұрынғы деңгейде қалады", - деп сендірді энергетика министрлігі.
Бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.