Геннадий Головкин қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады

0
698

39 жастағы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.


Геннадий Головкин қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ел тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп жазады inform.kz

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!», - деп құттықтады ол Instagram-да қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Бүгін Қазақстанның қасиетті әрі қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Осыдан 30 жыл бұрын 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдаған еді.

39 жастағы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ол 29 желтоқсанда WBA Super титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл жапон боксы тарихындағы жалпы бюджеті 15 миллиард иеннен (132 миллион доллар) асатын ең ірі жекпе-жек болмақ.