Германия кинотеатрларында «Құнанбай» фильмі көрсетілді

0
724

Бірқатар сыйлықтарға ие болған фильмде Қазақстан мен қазақ халқын өз туындыларымен әлемге паш еткен хәкім Абайдың әкесі – Құнанбайдың өмірі мен қызметі туралы баяндалады.


Германия кинотеатрларында «Құнанбай» фильмі көрсетілді

ERNUR.KZ. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және қазақ әдебиетінің классигі Абайдың 175-жылдығына арналған іс-шаралар сериясының жалғасы ретінде Қазақстан Елшілігі Берлиндегі танымал «Zoo Palast» кинотеатрында «Құнанбай» тарихи кинодрамасының көрсетілімін ұйымдастырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бірқатар сыйлықтарға ие болған фильмде Қазақстан мен қазақ халқын өз туындыларымен әлемге паш еткен хәкім Абайдың әкесі – Құнанбайдың өмірі мен қызметі туралы баяндалады.

Фильмнің тұсаукесерінде Елші Дәурен Кәріпов «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында Елшілік неміс баспаларымен бірлесе отырып басып шығарған ақынның неміс тіліндегі шығармалары мен өшпес мұрасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, кинокөрсетілім аясында жиналған неміс саясаткерлері мен сарапшыларына, қоғам қайраткерлеріне, журналистерге және Берлин тұрғындарына өткен тамыз айында Германияда Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қоры жобасы аясында жарық көрген ақынның неміс тіліндегі «Абай» атты шығармаларының жаңа жинағы таныстырылды.

Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтай отырып өткізілді.