Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды

0
634

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.


Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.

1989-1990 жылдары - қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары - орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары - орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары - ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.

2000-2001 жылдары - Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары - қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары - халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2006-2007 жылдары - техникалық-экономикалық колледж директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.