Ғарышкер әйел елорданы Елбасы есімімен атауды ұсынды

0
1 847

2016 жылы қазақстандық депутаттар Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясында елорданы Қазақстанның тұңғыш президенті есімімен атауды ұсынған болатын. Астананың атауын өзгертуге екі нұсқа болды: "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев". Мемлекет басшысы бұл идеяны қолдамады.


Ғарышкер әйел елорданы Елбасы есімімен атауды ұсынды

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Тұңғыш ғарышкер әйел, Ресейдің Мемлекеттік думасының депутаты Валентина Терешкова қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтап, оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды, деп жазады Sputnik.

"Астанадай тамаша қаланың тұрғындарын, бүкіл қазақстандықтарды осы бір айтулы күн – қаланың 20 жылдғымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев салған қала. Астана деп емес, президенттеріңіздің есімімен атау керек деп санаймын. Біз ол кісіні қатты жақсы көреміз, біздің президентіміз Владимир Владимирович Путин мен Нұрсұлтан Әбішұлының достық қарым-қатынаста болғанын мақтан тұтамыз. Өте қуаныштымыз", — деді Терешкова Sputnik тілшісіне Мемлекеттік думаның Астанаға жұмыс сапары кезінде.

2016 жылы қазақстандық депутаттар Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясында елорданы Қазақстанның тұңғыш президенті есімімен атауды ұсынған болатын. Астананың атауын өзгертуге екі нұсқа болды: "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев". Мемлекет басшысы бұл идеяны қолдамады.

2017 жылы наурызда парламент депутаттары тағы да Астананы Елбасының құрметіне атауды ұсынған. Алайда идея ол жолы да қолдау таппады.

Сол жылы желтоқсанда Тұңғыш президент күні қарсаңында Алматыда Фурманов көшесінің атауы өзгертіліп, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

Атап өтсек, Қазақстанда да, өзге елдерде де Елбасының есімімен аталған нысандар өте көп: Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті, Алматы тауларындағы Нұрсұлтан шыңы.

Голландия мен Жапонияда қызғалдақтар мен хризантеманың жаңа түріне Қазақстан президентінің есімі берілген.

Түркияда да Елбасының беделі жоғары – бұл елде оның құрметіне ескерткіш тұрғызылып, төрт қаладағы даңғылдарға есімі берілген.

Сонымен бірге, Шешенстан астанасы Грозныйда Назарбаев атындағы лицей бар.