«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы парамен ұсталды

0
145

Күдікті кінәсін толық мойындады.


«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы парамен ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин агенттікте өткен брифингте сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталғандар туралы мәлімет берді, деп жазады baq.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы парамен ұсталды. Ол 5000 АҚШ доллары көлемінде Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындары бірінің ректорынан ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша мәселені жағымды шешу үшін пара алған. Күдіктіні ұстау жүргізілген жоқ, толық кінәсін мойындады. Тергеу жалғасып жатыр», - деп мәлімдеді ол.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет