Годунова еліміздің тарихында толық қаржыландырылған жалғыз жобаны атады

0
448

Бірлескен отырыста Годунова Ұлттық жобалардың 43 пайызы қаржыландырылмағанын айтқан еді.


Годунова еліміздің тарихында толық қаржыландырылған жалғыз жобаны атады

ERNUR.KZ. Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысының кулуарында айтты, деп жазады baq.kz.

Бірлескен отырыста Годунова Ұлттық жобалардың 43 пайызы қаржыландырылмағанын айтқан еді.

Біздің тарихымызда 100 пайызға тек бір ғана жоба қаржыландырылды. Ол – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы. Сәйкесінше, оның нәтижесі де жақсы болды. Жылына біз көп тасжол мен темір жолдсалып, олардың санын арттырдық. Оның ішінде магистральді су құбырлары мен электр желілері де бар. Егер де маған министр ретінде ақшаның жартысын берсе, менен сұрай да алмайды. Мен «маған толық ақша берілмегендіктен, индикаторларды орындамадым» деп жауап беремін, - деді ол.

Годунова айтқандай, проблема жыл сайын ушығып отырған.

Біз қозғалыстамыз. Жұмыс істеліп жатыр. Алайда бізге оның қарқыны ұнамайды. Сондықтан да бұл мәселені күн тәртібіне көтеріп отырамыз. Ұлттық қорға келетін болсақ, бізге 2015 жылдан бері ондағы қаржы жұмсалып жатқаны көңілімізді көншітпейді. Ол жылы ірі девальвация болғанын білеміз. Алайда одан кейін біз одан ақша алмауымыз керек еді. 2019-2020 жылдары пандемияда да біз одан қаржы алдық. Онымен келісуге болады, - деді Наталья Годунова.