Головкин- "Канело" трилогиясында әнұранды Димаш орындайтын болды

0
355

Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 17 қыркүйекте екінші орта салмақта үшінші мәрте кездеседі. Жекпе-жек Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.


Головкин-

ERNUR.KZ. Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев айтты, деп жазады exk.kz.

Қанат Айтбаевтың айтуынша Геннадий Головкин қоңырау шалып, үшінші жекпе-жек алдында мемлекеттік әнұранды орындап беруін өтінген.

"Гена телефон соғып, елдің атынан өнер көрсетіп жатырмын, әнұранды өзің орындасаң деген өтініш айтты. Димаш та өзінің концертінің өтуіне аз күн қалса да еліміздің абыройы үшін деп келісімін берді. Екеуіне де сәттілік тілеп шығарып салдым", - деді Қанат Айтбаев.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 17 қыркүйекте екінші орта салмақта үшінші мәрте кездеседі. Жекпе-жек Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.