Головкин DAZN телекомпаниясымен келісімшарт жасаспақ

0
835

Головкинге ESPN телеарнасы да, жекпе-жектерді FOX және Showtime арқылы көрсететін Premier Boxing Champions компаниясы да қызығушылық білдіріп отыр.


Головкин DAZN телекомпаниясымен келісімшарт жасаспақ

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN ТВ-платформасының басшылығы - Эдди Хирн және Джон Скиппермен келісімшарт мәселесі бойынша кездеспек. Бұл туралы The Ring журналының авторы Майк Коппинджер айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Коппинджер Твиттерде жазуынша, Головкин жуық арада осы телекомпаниямен келісімшартқа отыруы мүмкін. «Эдди Хирн мен Джон Скиппер бүгін Лос-Анджелесте Геннадий Головкинмен кездеседі. Хирн GGG-мен келісіп, оны DAZN жобасына әкелетініне сенімді. Егер келіссөздер барысында әлдебір кедергілер туындамаса, «Головкин - Хирн/DAZN» мәмілесі аяқталатын сынды», - дейді ол.

Еске сала кетейік, Головкинге ESPN телеарнасы да, жекпе-жектерді FOX және Showtime арқылы көрсететін Premier Boxing Champions компаниясы да қызығушылық білдіріп отыр.