Головкин қазақстандықтарға үн қатты

0
472

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.


Головкин қазақстандықтарға үн қатты

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғыс айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектен кейін Головкин Instagram-парақшасында видео жариялады.

"Маған қолдау білдірген барша қазақстандыққа, барша жерлесіме, бокс жанкүйерлеріне, жалпы Қазақстан тұрғындарына үн қатқым келеді. Жекпе-жектерімді көріп жүргендеріңіз үшін, қолдауларыңыз үшін рақмет. Бұл бәрімізді біріктіреді. Мұндай кезде барлық проблеманы ұмытамыз. Қолдауды сезіндім, сәл жетпей қалды. Менің қатем, мойындаймын. Мықтырақ болып ораламыз, бәрі жақсы болады", - деді Головкин.
Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.

Одан кейін Сауль Канело Альварес Головкинге алғыс айтқан еді. Головкин де мексткалықтың командасын құттықтап, карьерасы туралы сұраққа жауап берген.