Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

0
613

Тартысты жекпе-жектің үшінші кезеңі биылғы жылдың 17 қыркүйегіне жоспарланған.


Головкин мен

ERNUR.KZ. ESPN және бірнеше ақпарат көздерінің мәліметінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің кезекті кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena өтпек, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы sports.kz басылымы мәлімдеді.
Тартысты жекпе-жектің үшінші кезеңі биылғы жылдың 17 қыркүйегіне жоспарланғанын жазған болатынбыз.
T-Mobile Arena-да Головкин мен Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі өтті. Боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екінші айқас төрешілердің шешімімен "Канелоның" жеңісімен аяқталды.