​Google байқауының алматылық жеңімпазы Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды

0
1 435

Туыстарының айтуынша 12 ақпанда алматылық ауруханада аурудан көз жұмған.


​Google байқауының алматылық жеңімпазы Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды

ERNUR.KZ. Еркебұлан Бердібеков Алматыда Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды. Оның еңбектерін Google лайықты деңгейде бағалаған болатын, - деп жазады Tengrinews.kz.

Туыстарының айтуынша, ол 12 ақпанда қайтыс болған. Жігіт алматылық ауруханада аурудан көз жұмған. Оның жасы 30-да болған.

Еркебұлан Бердібеков - Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі. Ол машинамен оқыту мәселелерін зерттеумен айналысқан. 2017 жылы қарашада ол Google Brain өткізген Kaggle-дегі DataScience нейрон желілер бойынша зерттеу жарысының жеңімпазы атанды. Қазақстандық нейрожелілер бойынша Google байқауында үздіктердің бірі атанды.

Айта кетейік, Google Brain - Google зерттеу жобасы. Онда компьютерлік оқыту саласындағы ашық зерттеулер мен Google ауқымындағы есептеуіш қуаттармен үйлеседі.