Грек-рим күресі: әлем чемпионатында Ибрагим Магомадов қола жүлдеге таласады

0
934

Ел құрамасынан 72 келіде сынға түсіп жатқан балуан жұбаныш белдесуінде түркиялық қарсыласын жеңді.


Грек-рим күресі: әлем чемпионатында Ибрагим Магомадов қола жүлдеге таласады

ERNUR.KZ. Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен қола жүлдеге таласады, деп жазады inform.kz.

Ел құрамасынан 72 келіде сынға түсіп жатқан балуан жұбаныш белдесуінде түркиялық қарсыласын жеңді. Осылайша қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.

Енді қазақстандық тағы бір спортшы Тамерлан Шадукаев (77 келі) жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, сербиялық Виктора Немеспен үшінші орынды сарапқа салады.

Айта кетсек, тағы бір балуанымыз Аманғали Бекболатов (55 келі) қола медаль үшін жұбаныш белдесуін өткізеді. Ол кеше, 10 қыркүйекте жартылай финалда грузиялық Нугзари Цурцумииге жол беріп қойды.

Сондай-ақ, ел құрамасынан бүгін Ғалым Қабдунасаров (63 келі), Дін-Мұхамед Қошқар (67 келі), Диас Қален (82 келі), Ислам Умаев (97 келі) бозкілемге шығады .

Ел құрамасындағы Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) жарыс жолын ерте аяқтады.