"Грэмми" сияқты: Иманбек тағы бір жүлдені жеңіп алды

0
399

Музыкант қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.


Қазақстандық танымал музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) "Roses" әнінің ремиксі үшін тағы бір марапатқа ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Billboard Awards сыйлығын алды, бұл "Грэмми +1" сияқты тағы бір мықты жүлде", - деп жазды музыкант Instagram парақшасында.
15 наурызда ол америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әнінің ремиксі үшін музыкалық саладағы №1 сыйлық - Грэммиді еншілеген еді.