Грэмми сыйлыған алған Иманбектің әкесі марапатталды

0
2 502

Иманбектің әкесі Марат Зейкенұлы Сүлейменов - Павлодар облысы төтенше жағдайлар қызметі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің аға прапорщигі.


Грэмми сыйлыған алған Иманбектің әкесі марапатталды

ERNUR.KZ. Иманбек, сондай-ақ оған 1-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін табыс етті, деп жазады stan.kz.

Иманбектің әкесі Марат Зейкенұлы Сүлейменов - Павлодар облысы төтенше жағдайлар қызметі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің аға прапорщигі, ол бөлімде 1996 жылдың 5 шілдесінен бастап қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында ол жүргізуші және № 11 өрт сөндіру бекетінің аға жүргізушісі.

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің мінсіз қызметі үшін ведомстволық бірінші, екінші және үшінші дәрежелі медальдармен марапатталған.

Әріптестері ардагерді марапатымен, сондай-ақ ұлының ең беделді әлемдік музыка байқауындағы жеңісімен құттықтап, оған зор денсаулық және отбасылық бақыт, ал ұлына одан әрі шығармашылық табыс тіледі.

15 наурызда қазақстандық танымал музыкант Иманбек Зейкенов (Иманбек) америкалық әнші SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксі үшін Грэмми сыйлығын алғаны белгілі болды.