Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі: БАҚ жаңа мәлімет жариялады

0
836

Марқұм аудиохабарламасында өзін Мұрат есімді ер адам зорлағанын айтқан.


Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі: БАҚ жаңа мәлімет жариялады

ERNUR.KZ. Тбилисиде үйінен өлі табылған Әсел Айтпаева екі рет зорлық-зомбылық құрбаны болған болуы мүмкін. Бұл нұсқаны Грузиядағы БАҚ өкілдері ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.

Грузия телеарналары 26 жастағы қазақстандық әйел мен оның өліміне күдікті Бесик Тордуаның әңгімесінің жазбасын жариялаған. Телеарна мәліметіне сүйенсек, ер адам қызды қорлап, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр еткен. Жазбада оның қызды ұрып жатқаны да естіледі.

БАҚ мәліметі бойынша, сол жазбада Әсел Айтпаева өзін Мұрат есімді ер адам зорлағанын айтқан.

Журналистер ақпараты бойынша, Formula телеарнасы Тбилисиде Айтпаевамен таныс болғандар арасында Мұрта Мейрбеков есімді қазақстандық азамат бар екенін анықтаған. Ол қыз жұмыс істеген фирманың иесі. Қазіргі уақытта ол Грузиядан кетіп қалған. Сондай-ақ, телеарна мәліметіне сүйенсек, "қызды Рустави қаласында бірге тұрған туыстары Мейірбековке сатып жіберген".

Rustavi 2 телеарнасы мәліметі бойынша, туыстарынан зорлық-зомбылық көрген қыз 57 жастағы күдіктінің үйіне көшіп барған.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынған. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі.