Honda Odyssey-дің шатыры жұлынып кеткен: Қордайда жол апатынан төрт адам көз жұмды

0
450

Тағы төрт жолаушы Қордай аудандық ауруханасына жатқызылды.


Honda Odyssey-дің шатыры жұлынып кеткен: Қордайда жол апатынан төрт адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, тағы төрт жолаушы шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Автордың айтуынша, жеңіл көлік жол жиегінде тұрған жүк көлігін соғып, артқы белдігін (задний мост) жұлып әкеткен. Ал жеңіл көліктің жатыры жұлынған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті жол апатының Қордай ауданында болғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, 17 шілде күні Honda Odyssey маркалы көліктің 46 жастағы жүргізушісі Тараз қаласынан Алматыға шыққан. Түскі уақытта "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жолының 176-шақырымында КамАЗ тіркемесінің артына соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің шатыры жұлынып кеткен.
Оқиға орнында Honda Odyssey жүргізушісі және оның үш жолаушысы қаза болды. Тағы төрт жолаушы Қордай аудандық ауруханасына жатқызылды.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.