Əйел өліміне себеп болған молда туралы дін басқармасы пікір білдірді

0
2 238

Имамның зорлық әрекетіне шыдамай үш баланың анасы өзін өлімге қиды.


Əйел өліміне себеп болған молда туралы дін басқармасы пікір білдірді

ERNUR.KZ. Алматы облысы Ескелді ауданында орын алған жағаұстатарлық жағдайға байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қазіргі уақытта əлеуметтік желілерде Қадір Əмбияға қатысты таралып жатқан мəліметтерге байланысты ҚМДБ келесі жағдайды мəлімдейді. Əмбия Қадір 2016 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылы тұрғындарының өтініші бойынша осы ауылдағы мешітке молда қызметіне тағайындалған. 2019 жылдың 30 сəуірінде өз өтініші бойынша жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта Қайнарлы ауылдық молдасын қызметін атқару өзге адамға жүктелген. Орын алған оқиғаның толық мəн-жайы тиісті құзырлы құқық қорғау органдары арқылы тексерілуде",- делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық мешіт имамы Қадір Әмбиеұлының зорлық-зомбылығына шыдамай, өз-өзіне қол салған Нұрғиза Азатханқызының жұбайы Есхат Әйнекбекұлы президентке видео жолдады.