ІІМ: “Қазатомөнеркәсіп” кәсіпорындарынан мұнай өнімдері мен материалдық құндылықтарды ұрлаған ҰҚТ ұсталды

0
428

Тінту барысында қылмыскерлерден есірткі, атыс қаруы, күмәнді діни әдебиет, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат, "қара бухгалтерия" блокноттары және "Қазатомпром" кәсіпорындарынан ұрланған бағалы заттар табылды.


ІІМ: “Қазатомөнеркәсіп” кәсіпорындарынан мұнай өнімдері мен материалдық құндылықтарды ұрлаған ҰҚТ ұсталды

Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен Түркістан облысы Полиция департаменті Созақ ауданында "Қазатомпром" кәсіпорындарынан аса ірі көлемдегі жанармай мен басқа бағалы заттар тонаған қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҰҚТ жанармай мен өзге де бағалы заттарды шығаруға әрекет жасаған кезде ұсталды. Топта 10-нан аса адам болған, оның ішінде сотталғандар мен деструктивті діни ағым өкілдері бар. Жедел ақпарат бойынша олар ай сайын он миллион теңге көлемінде мүлік тонаған. Тоналған заттардың радиациялық қауіпі мен тасымалдау, сақтау талаптарының сақталмауы қылмыскерлерді тоқтата алмаған.

Сондай-ақ, олар бопсалау, кәсіпкерлерге "қамқорлық жасаумен" айналысқан. Қылмыстық ортада күшін нығайту үшін қару қолданған.

Тінту барысында қылмыскерлерден есірткі, атыс қаруы, күмәнді діни әдебиет, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат, "қара бухгалтерия" блокноттары және "Қазатомпром" кәсіпорындарынан ұрланған бағалы заттар табылды.

Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 197 (Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сатып алу), 287 (Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, сату және сақтау) және 296 (Есірткі құралдарымен заңсыз іс-әрекет) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған деректер бойынша дәлелдер жиналып жатыр. Барлық жедел іс-шара прокурордың санкциясымен жүргізілді. Кінәлі адамдар ұсталып, сот санкциясымен тергеу изоляторына қамалды.