ІІМ отбасындағы зорлық-зомбылық жайлы: әйелдеріне шағымданатын күйеулер де бар

0
607

Зорлық-зомбылық бойынша шағымдардың он пайызы ер адамдардан түседі екен.


ІІМ отбасындағы зорлық-зомбылық жайлы: әйелдеріне шағымданатын күйеулер де бар

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізде отбасылық тиран әйелдер де бар екенін жасырмады, деп жазады sputnik.kz.

Үкіметте өткен брифингте журналистер елімізде агрессор әйеліне шағымданатын ер адамдар бар ма деп сұрады.
"Әрине, біз әзірге бұған нонсенс сияқты қараймыз. Дегенмен әйелдеріне шағымданатын күйеулер де бар. Олардың саны көп емес, бірақ әртүрлі жағдай кездеседі. Мысалы балаларына шағымданатын ата-аналар бар, керісінше кәмелетке толған ересектер өз ата-анасына шағымданып жатады", - деп жауап берді Лепеха.
ІІМ басшысы орынбасарының айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша әйелдердің үстінен түсетін шағымдар шамамен 10 процентті құрайды.