Иманбек ресейлік Forbes рейтингінде көш бастады

0
491

Forbes-тың «30 жасқа дейінгі ең табысты 30 ресейлік» рейтингі 10 аталымнан тұрады.


Иманбек ресейлік Forbes рейтингінде көш бастады

ERNUR.KZ. Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) Ресейде 30 жасқа дейінгі табысты музыканттар рейтингінде көш бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Жерлесіміздің Forbes рейтингісінде музыка номинациясы бойынша жеңімпаз атанғаны туралы аталған басылымның сайтында көрсетілген.
Сонымен қатар, әлемге аз уақыттың ішінде танылып үлгерген Imanbek-тің өмірбаяны, музыкадағы табысы мен жетістігі туралы қысқаша ақпарат берілген.
Ресейлік басылым жүргізген рейтингте Иманбектен бөлек, Вячеслав Марлов (Slava Marlow), Илья Гадаев, Анна Романовская (Cream Soda) секілді музыканттар да бар.
Жалпы Forbes-тың «30 жасқа дейінгі ең табысты 30 ресейлік» рейтингі 10 аталымнан тұрады. Оның қатарында кәсіпкерлік, қаржы және инвестиция, ғылым және технология, басқару, спорт және киберспорт, әлеуметтік практиктер, жаңа медиа, музыка, өнер және мода мен дизайн аталымы бар.
Еске сала кетсек, осыдан санаулы күн бұрын ғана Иманбек Зейкенов АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды.
Одан бөлек, қазақстандық музыкант биылғы жылдың наурыз айында музыка саласында ең беделді Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.