Иманбек Зейкенов "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды

0
2 466

Ол төрт үміткердің ішінен үздік деп танылды.


Иманбек Зейкенов

Қазақстандық музыкант және ди-джей Иманбек Зейкенов "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Музыканттың карьерасындағы ең тамаша жетістік – Grammy жеңіп алу, біз оған қол жеткіздік!", - деп жазды Иманбек.




Қазақстандық музыканттың SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алдғандығы туралы аталмыш сыйлықтың Twitter парақшасында да хабарланды. Ол төрт үміткердің ішінен үздік деп танылған.