​Имбирьдің коронавирусқа қарсы пайдасы бар ма? Маман пікірі

0
1 740

Қазіргі күні аса қымбаттаған тауарлардың бірі осы - имбирь.


​Имбирьдің коронавирусқа қарсы пайдасы бар ма? Маман пікірі

фото: әлеуметтік желіден алынды

Имбирьдің коронавирусқа қарсы қарсы пайдасы қаншалықты екенін маман түсіндіріп берді, беп хабарлайды ERNUR.KZ KTK арнасына сілтеме жасап.

Коронавирусқа қарсы тұрар көкөніс! Бұған имандай сенген алматылықтар қазір жаппай имбирь, сарымсақ пен лимонды жапа-тармағай алып жатыр. Сұраныстың күрт өсуі саудагерлердің бағаны көтеруіне әкелді. Әдеттегі құнынан 3-4 есеге қымбаттап кеткен.

Атышулы дерттің алдын алуда бұл көкөністердің пайдасы зор деген тұжырым қаншалықты рас? Имбирьдің игілін естіген ел көп жерде бұл көкөністің түгін қалдырмай талап алып кеткен. «Коронавирусқа қалқан болады» деген әңгіме көбінің аузында жүр. Саудагерлердің айы оңынан туғандай. Әдетте 1000 теңгеден аспайтын көкөністің орташа құны 3 жарым мың теңгеге бір-ақ көтерілген.


- Бірінші кезде ме, 1200-ден болған. Қазір – 3500.

- Лимонның бағасы қаншадан?

- Лимонның бағасы мың теңгеден болған. Қазір 3000-ға көтеріліп кетті.


Имбирьмен сөреде иін тірескен лимонның да дәл қазір дәурені жүріп тұр. Көтерме сауда базарындағылардың ойына келген бағаны қоюы қаладағы саудагерлердің де амалсыз құнды көтеріп, сүйкімсіз көрінуіне себеп болған. Имбир мен лимоннан бөлек, сарымсаққа да сұраныс көп.

Эпидемиолог Сәкен Әміреев бұл көкөністерге қатысты аңыз бен ақиқаттың ара жігін ажыратты. Айтуынша, індеттің алдында бұлар қауқарсыз.

- Микробтарға да әсер етеді. Бірақ вирустарға әсер ете алмайды. Бірақ, жалпы иммунитетті жақсы тамақ ішсең де көтереді, жақсы демалсаң да көтеріледі. Ренжімесең де жақсы болады. Сондықтан, осы жағынан қарағанда аздап болса да көмегі бар. Бірақ, ол нақты вирустық инфекцияға көмегі жоқ, дейді, - эпидемиолог Сәкен Әміреев.

Бұқараны байбаламға салған кеселде мамандар: «Санадағы сенім мықты болуы керек», - дейді. Әркімнің айтқанын желеу етпей, қарапайым сақтық шараларын сақтау індеттен іргені алыс салуға сеп болар. Бұл бірінші кезекте қолды ауық-ауық жуу, әрі үйден беталды шықпай отыру.