Иммунитетке сеніп жүре беруге болмайды: Маман коронавирустан қорғанудың "жеңіл" жолын айтты

0
1 061

Иммунитетке ғана сеніп, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтамау – қателік.


Иммунитетке сеніп жүре беруге болмайды: Маман коронавирустан қорғанудың

ERNUR.KZ. Иммунитеті мықты адамдар да коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Нұр-Сұлтан медициналық университетінің мұғалімдері мәлімдеді. деп жазады kaz.nur.kz.

Жедел медициналық көмек, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова мықты иммунитеттің коронавирус инфекциясын жұқтырмауға кепіл бола алмайтынын мәлімдеді. Сондықтан, оның айтуынша, иммунитетке ғана сеніп, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтамау – қателік.

Осыған орай маман барлық қазақстандықтарға әсіресе, адамдар көп шоғырланған жерлерде, дүкендерде профилактикалық шараларды – жеке гигиена мен арақашықтықты сақтауға, маска тағуға кеңес берді. Сондай-ақ ол бөлмелерді жиі желдетіп тұру керектігін атап өтті.

Бұдан бөлек, медицина ғылымдарының кандидаты ауруды еңсеруге ұйқы көмектесетінін алға тартты.


"Ұйқы барлық жүйеге, соның ішінде орталық жүйке жүйесі мен жүрек-қан тамыр жүйесіне демалуға мүмкіндік береді. Осылайша, ағзаның қорғаныс күштері сақталады", – дейді Малтабарова.