inDriver Astana Hub резиденті атанды

0
319

Арсен Томский Spark цифрлық университетін құру және жастарды қолдауға бағытталған бірқатар коммерциялық емес жобаны жүзеге асыру жоспарларын жеткізді.


inDriver Astana Hub резиденті атанды

ERNUR.KZ. ІnDriver компаниясының негізін қалаушысы Арсен Томский мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы көлік қызметі саласындағы ең танымал мобильді қосымшалардың бірі іnDriver-дің қызметін дамытудың перспективалары туралы айтты, деп жатты sputnik.kz.

Компания басшысының айтуынша, Астана мен Алматыда екі кеңсе ашылған. Сонымен қатар inDriver Astana Hub резиденті атанды.
Арсен Томский Spark цифрлық университетін құру және жастарды қолдауға бағытталған бірқатар коммерциялық емес жобаны жүзеге асыру жоспарларын жеткізді.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Bridge 2022" халықаралық технологиялық форумына қатысты. Мемлекет басшысына Astana Hub IT экожүйесінің қызметі, Google for Startups компаниясымен бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру барысы, Alem бағдарламалау мектебі мен "Қазақстан халқына" қорының жобасы таныстырылды.
Бұдан кейін мемлекет басшысы стартаптар аллеясында ұсынылған жобалармен танысты. Олардың кейбірі ішкі ғана емес, сыртқы нарыққа да шығып үлгерген.