Інісінің құжатымен шекарадан өтпек болған 50 жастағы өзбекстандық ұсталды

0
910

Оқиға Маңғыстау облысында орын алды.


Інісінің құжатымен шекарадан өтпек болған 50 жастағы өзбекстандық ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шекарадан заңсыз өтпек болған екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе шекара жасағының «Әлімбет-авто» бөлімшесінде шекарашылар Ресейге кетіп бара жатқан автобустың ішінен мемлекеттік шекарадан жасырынып өтпек болған азаматты қолға түсірді. Ол жүргізушілер демалатын орында, көрпенің астында тығылып жатқан. 29 жастағы Қазақстан азаматына елден шығуға тыйым салынған болып шықты. Автобус жүргізушісі де ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 515-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылады.

Тағы бір осындай келеңсіз жағдай Маңғыстау облысында тіркелді. Бейнеу шекара жасағы «Нөкіс - Бейнеу» бағытындағы №647 жолаушылар пойызын тексеру барысында 1974 жылғы Өзбекстан азаматының төлқұжатын ұсынған жолаушыны ұстады. Төлқұжаттың бұл азаматқа тиесілі еместігін бірден аңғарған шекарашылар, тексере келе оның 1969 жылғы Өзбекстан азаматы екенін анықтады. Ал төлқұжат оның туған інісінікі болып шықты.