Instagram-да масқараңды шығарамын деп танысын бопсалаған қыздың өзі ұятқа қалды

0
692

Бопсалаушы жәбірленуші қызды әлеуметтік желіде масқараңды шығарамын деп қорқытып, ақша талап еткен.


Instagram-да масқараңды шығарамын деп танысын бопсалаған қыздың өзі ұятқа қалды

ERNUR.KZ. Байқоңырдың ресейлік құқық қорғау органдары әлеуметтік желі арқылы ақша бопсалау ісін Қазақстан тарапына берді, деп жазады sputnik.kz.

"Instagram желісінде 26 жастағы қала тұрғыны өзінің танысын масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқытып, одан ақша бопсалаған. Ал бопсалау құрбаны қаскүнемге 99 мың рубль аударған", - деп хабарлады Байқоңыр кешенінің прокуратурасы.

Қыз ақшаны аударғаннан кейін бопсалау одан әрі жалғасуы мүмкін деп қауіптеніп, полицияға арыз түсірді.

Қаскүнем ұсталды, оған қатысты бопсалау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Қазақстан азаматы болғандықтан Ресей құқық қорғау органдары тергелген істі қазақстандық тарапқа тапсырды.

"Қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, кешен прокуратурасы оған қатысты қылмыстық істі әрі қарай қылмыстық қудалау үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдады. Қазақстан заңнамасында бопсалау қылмысы үшін ең жоғары жаза ретінде мүлкін тәркілеп, төрт жылға бас бостандығынан айыру үкімі қарастырылған",- деп хабарлады қадағалаушы орган.