​Интернет пен БАҚ беттеріндегі қауесет салдарынан жиі заңсыз шешімдер қабылданып жатыр

0
2 576

Негізінен мұндай жайттарға көбіне мемлекеттік институттар, сот, құқық қорғау жүйелері тап болады екен.


​Интернет пен БАҚ беттеріндегі қауесет салдарынан жиі заңсыз шешімдер қабылданып жатыр

фото кадрдан скринделген

Кибербуллингпен күрес ғаламтор дамыған сайын көбеймесе азаймай тұр. Өйткені, түрлі қудалау, жала жабу, диффармациялық қол сұғушылық сияқты актілер кездеседі. Кибербуллингке арналған брифинг барысында мамандар бұл мәселені кеңінен талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Негізінен мұндай жайттарға көбіне мемлекеттік институттар, сот, құқық қорғау жүйелері тап болады екен. Ал, мұның алдын алу үшін түрлі жұмыстар жасалуы тиіс дейді. Кейде тіпті, әлеуметтік желі мен БАҚ беттеріндегі өсектің кесірінен заңсыз шешімдер де шығып жататындығын алға тартты.

«БАҚ және әлеуметтік желілердің мұндай қысыманан кейін заңсыз шешімдердің шығуы ғажап емес. Сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен ақпараттар көп жағдайларда заңды тұлғаның атауын да назарсыз қалдырмайды. Ал, ол болса құзіретінде сондай мекеменің іскерлік беделіне задал келтіретіні анық», дейді заңгер, Қымбат Демеубаев.