Интернетте балалар органдарын сататын топ туралы видео тарады

0
500

​​Әлеуметтік желілерде екі бөліктен тұратын видеоролик тарап жатыр.


Интернетте балалар органдарын сататын топ туралы видео тарады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде екі бөліктен тұратын видеоролик тарап жатыр. Біріншісінде жерде жатқан бірнеше адамды біреулер тепкінің астына алуда, екіншісінде мұз салынған контейнерде баланың денесі жатыр. Жазылғандай, ұсталған ер адамдар – балалар органдарын сататын банданың мүшелері, контейнердегі бала – сату мақсатында дайындалған денелердің бірі. Stopfake.kz видеоның анық-қанығын анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

photo

Анықталғандай, бұл 2018 жылдан бері әртүрлі сипаттамамен интернетте тарап келе жатқан ескі видеолар. «Видеоның екі бөлігін де толық қарастырайық. Біріншісінде жерде киіммен жатқан екі адам көрсетілген. Оларды басқа адамдар тепкілеп жатыр. Олардың кім екендігі және оларды нақты не үшін ұрып жатқаны белгісіз. JawaPos.com индонезиялық жаңалықтар порталының хабарлауынша, роликтің кейіпкерлері алаяқтық пен сапасыз тауарды сатқаны үшін осындай жазаға тартылған. Баланың денесінің жанында жылап отырған әйелдің видеосы интернетте кеңірек таралған. Оны алғаш рет 2017 жылдың шілдесінде қытайлық қолданушы жариялаған. Шын мәнінде, бұл бала туыстарына қонаққа барып, суға батып кеткен. Оның денесін жерлеу үшін туған қаласына жеткізу мақсатында мұз салынған контейнерге салған», - деп жазады Stopfake.kz.


Сондай-ақ органдарды трансплантациялау күрделі және мұқият реттелетін процесс екенін ескерген жөн. Денесі мұздатылған қайтыс болған донордан мүшені трансплантациялау мүмкін емес.

Осылайша, таралған роликте органдарға сату мақсатында балаларды ұрлау әрекеті көрсетілмеген. Бұл бір-бірімен байланысты емес екі түрлі видео: біріншісі алаяқтарды жазалау, екіншісі суға батып кеткен баланың денесін тасымалдау туралы.