IPO нәтижесі: «ҚазМұнайГаз» акцияларына 128 мыңнан астам өтініш берген

0
703

Келесі жылы қандай компаниялар IPO-ға шығатыны белгілі болды.


IPO нәтижесі: «ҚазМұнайГаз» акцияларына 128 мыңнан астам өтініш берген

ERNUR.KZ. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаздың» IPO нәтижелеріне жеке тоқталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Кеше Қордың директорлар кеңесі мен Үкімет «ҚазМұнайГаз» акцияларын иеліктен шығару туралы соңғы шешім қабылдады. Өтініштер 9 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қабылданды. Қазақстан азаматтарының өтінішін қанағаттандыруға басымдық берілді. Азаматтардан түскен өтініштердің жалпы саны – 128,7. Жалпы сомасы 74,6 млрд теңгені құрады», - деді Сәтқалиев.

Ол Қордың қандай портфельдік компанияларды IPO/SPO-ға шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

«2023-2024 жылдары – «Эйр Астана», «KEGOC» және «Самұрық-Энерго» жасыл активтерінің портфелі (QazaqGreenPower plc жобалық компаниясы). 2024-2025 жылдары – «ҚазақГаз». 2025 жылы – «Қазақстан темір жолы», - деді ол.