Ипотека мен тұтынушылық несие арзандауы керек - Ұлттық банк басшысы

0
501

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің несие өнімдері арзандауы керек деп мәлімдеді.


Ипотека мен тұтынушылық несие арзандауы керек - Ұлттық банк басшысы

ERNUR.KZ. Бұл базалық мөлшерлеменің төмендеуіне байланысты, деп жазады tengrinews.kz.

"Базалық мөлшерлеме төмендейді. Екінші деңгейдегі банктер осы мөлшерлемеге сүйене отырып, несиелік өнімдерінің құнын анықтайды, мейлі ол бизнес несиесі, ипотека, тұтынушылық несиелер және т.б. Сондықтан, базалық мөлшерлеменің төмендеуі жүйе бойынша несие өнімдері құнының төмендеуіне алып келуі тиіс", - деді Сүлейменов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.