«Іші қатты ауырған»: Бурабайға лагерге барған 14 жастағы бала қайтыс болды

0
528

Баланың өлімі бүгін, 11 қаңтар күні таңғы сағат алты шамасында тіркелген.


«Іші қатты ауырған»: Бурабайға лагерге барған 14 жастағы бала қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақмола полицейлері Бурабай ауданындағы оқу-сауықтыру орталығында жасөспірімнің өлімін тергеп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Биыл 11 қаңтар күні таңғы сағат 06.36 шамасында Бурабай ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған баланың оқу-сауықтыру орталықтарының бірінің аумағында қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болған бала Ақтөбе облысынан Бурабай ауданына 9 қаңтарда балалар тобының құрамында болған.

«10 қаңтардан 11 қаңтарға қараған түні кәмелетке толмаған бала ішінің ауырғанына шағымданған, ал таңертеңгі сағат 05.00 шамасында ауырсынудың күшеюіне байланысты кешеннің медициналық бөліміне жүгініп, жедел жәрдем шақырылған. Алайда жедел жәрдем келгенге дейін бала көз жұмған. Алғашқы тексеру кезінде жасөспірімнің зорлық-зомбылықтан қайтыс болуының сыртқы белгілері табылған жоқ», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқушының өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицияның ақпаратына сүйенсек, 11 қаңтар күні жасөспірімнің неден өлгені белгілі болды: бала ағзасының қаны аз, кіші жамбасында қатерлі ісік болған.