​Ішімдікке тойып алған түркістандық молда желіні шулатты (видео)

0
6 094

​Видеоға түсіріп алғандар ер кісінің Шұбарсу ауылының молдасы екенін айтқан


​Ішімдікке тойып алған түркістандық молда желіні шулатты (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде көптің ашуын тудырарлық видео пайда болды, деп жазады Elitar.kz.

Онда мұсылманша ақ шапан мен сәлде киген сақалды азамат удай мас xалде ауыл көшелерінде жүреді. Видео авторы аталған азаматты молда деп таныстырады.
Желіде тарап кеткен тағы бір видеода молда деп таныстырылған ер кісінің беймәлім азаматтан сыра әкеліп беруін өтінгенін байқауға болады. Ең сорақысы, ішімдік сұраған ол бейәдеп сөздер сөйлейді. Молда киімін киген егде жастағы азаматтың бұнысын көргендер тіптен ашуға булықты.

Бұл жағдайға қатысты Түркістан облыстық дін басқармасындағылар кейінірек пікір білдіруге уәде етті.